- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану
Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану

2025 жылғы 17 ақпанда Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-15) сәйкес Педагогика және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қ.Ш.Молдасан, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры А.С.Нурмаханова жетекшілігімен 8D05101-«Биология» мамандығының 1 курс докторанттары «Aisaf-Almaty» гимназиясында «Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану» атты тақырыпта ТДМ шеңберінде су ресурстары соның ішінде мұхит, теңіздердің адам әрекеті нәтижесінде ластану себептері, теңіз экожүйелерінің ластануын болдырмау шараларын жүргізу мақсатында семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздары мен ҚазҰУ студенттері қатысты.
Семинар барысында дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздер биоалуантүрлілікті, климатты сақтауда және жердегі тіршілікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратындығына, олардың маңыздылығына қарамастан, теңіз сулары адам әрекетінен туындаған үлкен қиындықтарға,соның ішнде қоқыстандыруға тап болып жатқандығы талқыланды. Семинар-тренинг қатысушыларға теңіз, мұхит экожүйесін ластамау және онымен күресу жолдары мен алдын алу механизмдері, себептері мен әдістері туралы түсініктерін тереңдетуге бағытталды. Іс-шара барысында оқушылар танымдық ойындар ойнап, топтық талқылаулар жасады. Соңында мектеп әкімшілігі іс-шараның белсенді және мазмұнды өткенін атап, докторанттарға алғыс білдірді.
Басқа жаңалықтар


