Көшбасшы білім ордасы
Білім нарықтарын жаһандандыру мен конвергенциялаудың және жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудың заманауи жағдайларында білімнің жоғары сапасы терең кәсіби білімі бар, тез өзгеретін нарықтық жағдайларға бейімделе алатын, білім нарығында бәсекелестікке қабілетті жаңа формациядағы мамандарды дайындауға байланысты.
Студенттерді дайындаудың сапасын көтеру, олардың танымдық қызметін күшейту, шығармашылық потенциалын ашу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әлемдік білім беру қауымдастығына қосылу үшін үлкен жұмыстар жасалуда.
ҚазҰУ-да заманауи әлемдік зерттеу университеттері секілді мемлекетіміздің басқа оқу орындарына ұқсамайтын бірегей ғылыми-инновациялық инфрақұрылым жұмыс істейді. Мұнда ғылыми-техникалық парк құрылды, ҚР жасалған ғылыми-зерттеу жобасының үлкен бөлігін орындайтын 30-дан аса ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары бар. Еуропалық бірлестіктің жоғарғы деңгейлі эксперттерінің берген бағасы мен халықаралық сараптама нәтижелері бойынша, ҚазҰУ – ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті жағынан елдегі оқу орындарының көшбасшысы.
Бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындарының басты мақсаты – еңбек нарығының сұранысына сәйкес сапалы білім беру. Осылайша отандық және ұлттық жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтерге атсалысуы сапаны көтерудің бір құралына айналды. Оның үстіне, жыл сайынғы рейтингтер түлектердің жұмысқа орналасуында, білім гранттарын алуда қолданысқа ие болады. Жаһандану жағдайында кез келген жоғары оқу орны бәсекеге қабілетті болуға тырысады. Тіпті, әлемнің ең беделді деген университеттері де даңқына масаттанып, жеткен жетістіктерінде тоқтап қалмайды. Керісінше, жетістікке жеткен сайын, өзінің жоғары дәрежесін ақтау үшін барын салады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті барлық заманауи рейтингтердің көшін бастап тұр. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені ҚазҰУ – Қазақстанның алдыңғы қатарлы көп бағдарлы жоғары оқу орны. ҚазҰУ-дың көп дәрежелі оқу жүйесіне мыналар кіреді: жоғары негізгі білім (бакалавриат), арнайы жоғары білім (магистратура) және докторантура (PhD). ҚазҰУ-ға қабылдану мемлекеттік білім беру гранттарымен және келісімшарт негізінде жүзеге асады. Мамандарды даярлау 180 мамандық бойынша іске асады.
Қазақ ұлттық университеті ғылымды оқытудағы өз жүйелерін жаңарту үшін, университетті ең жоғары халықаралық талаптарға сай келетін зерттеу типіне өзгерту және әлемнің жетекші ЖОО-ның қатарына қосылу үшін университет аясында білімнің, ғылыми-зерттеулердің және өндірістің тығыз бірігуіне негізделіп жасалған концепция курсын қабылдады. Соңғы үш жылда ҚазҰУ QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 350 орында және осы жылы 800 үздік университеттердің арасынан 275 орынды иеленіп, 300 топ университтер қатарына енді.
М.ЖАҢАБЕКОВА, А.АУШАХМАН, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің оқытушылары
http://aikyn.kz/ru/articles/show/18611-k_shbasshy_b_l_m_ordasy