Әлеуметтік қолдау, тең құқықтар және қауіпсіз орта

2025 жылғы 21 ақпанда Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 1, ТДМ 3, ТДМ 5, ТДМ 10)бағыттарына сәйкес «Әлеуметтік қолдау, тең құқықтар және қауіпсіз орта» тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шара ә.ғ.докт, профессор Г. С. Абдираймова, п.ғ.к., доцент А. Алчимбаеваныңжетекшілігімен «Әлеуметтану», «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының 1-курс докторанттары ұйымдастыруымен Алматы қаласының «Аналар Үйі» қоғамдық қорында өтті.
Тренингке «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 2-ші және 3-ші курс студенттері қатысты. Кездесу басында ұйымдастырушылар қатысушыларға әлеуметтік қызметкер және әлеуметтанушы мамандықтары, олардың қоғамдағы маңызы мен рөлі туралы айтып берді. Студенттер қордың қызметімен танысып, нақты кейстерді зерттеді.
Тренингтің мақсаты әйелдерді олардың құндылығын түсіну, өзіне деген сенімділікті, стресске төзімділікті және жағымсыз эмоциялармен күресу қабілетін дамыту арқылы қолдау болды. Кінәні, ұятты және болашақтан қорқуды азайтуға, сондай-ақ позитивті ойлауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара интерактивті форматта өтті, оған пікірталастар, тренингтік жаттығулар және тәжірибе алмасу кірді. Ол барлық қатысушылар үшін инклюзивті және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған кемсітушілік пен қудалауға қарсы саясатқа сәйкес ұйымдастырылды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының докторанттары «Аналар Үйі» Қоғамдық Қорымен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдіріп, «Күшті Ана – Бақытты Бала» модульдік бағдарламасын іске асыруды ұсынды.
Оның мақсаты-қатысушыларға өзін-өзі ұйымдастырудың, өзіне деген сенімділікті арттырудың, практикалық құралдарын ұсыну, сондай-ақ күрделі өмірлік жағдайларды шешуге басшылық ету.
Бағдарлама үш айға арналған және стресске төзімділікті дамытуға, позитивті ойлауды қалыптастыруға, тиімді жоспарлау әдістеріне, қаржылық сауаттылыққа және шешім қабылдауға бағытталған кешенді тренинг модульдерін қамтиды. Супервизия аясында докторанттар «Аналар үйі» ҚҚ мамандарына қиын жағдайларды талдауға және шешуге, дағдарыстан шығудың оңтайлы стратегияларын табуға көмектеседі. Бұл бастаманы іске асыру, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер үшін, тұрақты қолдау жүйесін құруға мүмкіндік береді және оларға өз қабілеттеріне сенімділік алуға көмектеседі.
Басқа жаңалықтар

