«Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»Farabi University

«Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»

23 ақпан, 2025

 

2025 жылғы 23 ақпанда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының бастамасымен, «Дінтану» (о/б), «Исламтану» докторанттарының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тұрақты даму мақсатына сай "Тарих дауысы: саяси репрессия құрбандарын еске алу" атты тәрбие сағаты Алматы облысындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында өткізілді.

Тәрбиелік шараға «Дінтану», «Исламтану» студенттері мен магистранттары қатысты, мұражай меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев мұражай залдарына қойылған жәдігерлерді жіті таныстырып өтті. Бірінші залда репрессияның басталу тарихы, жеке тұлғалар өміріне негізділіп, халықтың көрген зорлық-зомбылығы ХХ ғасырдың басынан бастап Желтоқсан оқиғасына дейін қамтылды. Қуғын сүргінге ұшыраған тұлғалардың көрген азап-қорлығы саналы азаматты немқұрайлы қалдырмайды. Екінші залда Алматы облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған 4125 адам мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 172 зиялы қауым өкілдерінің тізімі әрі интерактивті тақтада әрбірінің өмір деректері көрсетілген. Үшінші конференц-залда бұған дейін жарық көрген басылым, еңбектер жинақталған. Мұражайда жыл сайын репрессия құрбандары күніне орай 30 мамырда жаңа кітаптың тұсаукесері жасалып отырады. Одан кейін студенттер монумент пен репрессия құрбандары жерленген тастарды көрді. Монументтің мәні өте зор, оның әр бөлігінің терең мағынасы барына көзіміз жетті. Негізгі деректермен танысып болған соң, PhD, қауымдастырылған профессор Азамат Шутбаевич репрессия құрбандарына қатысты баяндама оқып, зерттеулерінің нәтижесін атап кетті. Сөзінің соңында әрбіріміздің бұл тұрғыдан сауатты болуымызды әрі зұлмат кезеңнің қараңғы тұстарын толығымен ашуға үлес қосуымыз борымыз екеніне аса назар аудартты. Шара соңында Мейіржан Мұсабаев ғылыми жетекші А.Ш. Жамашевқа мұражай қорынан «Дін қайраткерлерінің қуғындалуы» атты еңбекті сыйға тартты.

Осылайша, тәрбие сағаты барысында тәлімгерлер тарихтың қайғылы беттеріне арналған мұражай экспозицияларымен танысып, тарихи оқиғаның қазіргі қоғам үшін маңызы туралы пікір алмасуға қатысты. Әсіресе жастарға жанашырлық, адам өмірінің құндылығын түсіну және саяси қуғын-сүргіннің салдарын ұғындыруға ерекше көңіл бөлінді.

Шараны ұйымдастырған: филос.ғ.д., проф. Борбасова Қ.М., филос.ғ.к. Аликбаева М.Б., PhD Каупенбаева С.М., филос.ғ.д., проф. Байтенова Н.Ж., з.ғ.к., проф. Бишманов К.М., филос.ғ.д., проф. Бегалинова К.К., PhD, қауымд.проф. Кантарбаева Ж.У., PhD, қауымд.проф. Жамашев А.Ш., PhD Аманқұл Т.О., филол.ғ.к. Мухитдинов Р.С., "8D02203-Дінтану" (о/б) және "8D02204-Исламтану" 1-курс докторанттары: Алимханова А.А., Калякбар Ұ.Н., Нургалиев Б.Б., Айдос Ә.М., Ерімбет Р.Е., Бекмуханбетов Н.Р., Елеусызбаева Н.М.