“Есім хан заманының ұлы жыршысы-Жиембет жырау”

ТДМ 4 “Сапалы білім аясында” 2025 жылы 27 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессордың м.а, ф.ғ.к Сарбасов Болатхан Серғазыұлы, “6В02305- Қазақ филологиясы” білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне “Есім хан заманының ұлы жыршысы-Жиембет жырау” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты -Жиембет жыраудың толғауларына тереңірек тоқталу, оның жыраулық дәстүрдегі орнын анықтау.Жиембет толғауларының мәні мен маңызын саралау және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Шара барысында Жиембет жырау туралы экранда көрсетілген сұрақтарға студенттер жауап берді. Сондай-ақ, хандық дәуірдегі қазақ әдебиетін қоғамдық-әлеуметтік және тарихи жағдайлар контексінде зерттей отырып, оның негізгі даму бағыттары, көркемдік ерекшеліктері және жанрлық өзгешеліктері жан-жақты талқыланды. Студенттер өзара бір-бірлерімен пікір алмасып, зерттеуші ғалымдардың еңбектерін саралады
Дөңгелек үстелдің мазмұнды, мағыналы, қызықты өтуіне “7М02305-Қазақ филологиясы” білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Әділбай Темірбай зор үлес қосты.
Басқа жаңалықтар


