Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің PhD докторанттарының интеллектуалды клубының отырысы өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің PhD докторанттарының интеллектуалды клубының отырысы өтті

1 наурыз, 2025

2025 жылғы 1 наурыз күні сағат 10:00-де 221-аудиторияда профессор Фатима Тұрарқызы Күкеева жетекшілік ететін PhD докторанттарының интеллектуалды клубының отырысы өтті. Кездесу тақырыбы – «Диссертацияны дайындау кезеңдері», негізгі баяндамашы – докторант Мұхамеджан Ақбота Ерлікқызы.

Отырыста профессор Ф. Күкеева, аға оқытушы С.М. Парпиев, оқытушы А.А. Малтабаров, сондай-ақ әртүрлі курс докторанттары қатысты. Талқылау барысында Мұхамеджан Ақбота Ерлікқызы диссертациялық жұмыстың негізгі кезеңдерін таныстырып, зерттеу әдістемесі мен аралық нәтижелері туралы баяндады. Қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасып, ғылыми зерттеу жүргізудің түрлі әдістерін талқылады.

Мұндай кездесулер докторанттардың академиялық өмірінің маңызды бөлігі болып табылады, олар тәжірибе алмасуға, кері байланыс алуға және ғылыми қауымдастық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз және интеллектуалды клуб аясында жаңа кездесулерді асыға күтеміз!