Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Француз орталығы ашылдыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Француз орталығы ашылды

2 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Француз орталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, Француз альянсының президенті Зүлфия Жәркешова, оқытушылар, студенттер және магистранттар қатысты.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев екі ел арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге: «Бұл орталық – Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып құрылды. Француз орталығы Қазақстан мен Франция арасындағы білім және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында ашылды», – деп атап өтті.

Орталық студенттерге француз тілін үйренуге, Францияның мәдениеті мен білім беру жүйесімен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол екі ел арасындағы білім және мәдени байланыстарды нығайтуға, академиялық алмасуларды дамытуға ықпал етеді. Бұл орталықтың ашылуы Қазақстан мен Франция арасындағы білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Бүгінгі күні Француз орталығы өз жұмысын бастап кетті. Орталықта шетелдік әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тәжірибелі мамандар дәріс береді. Мұнда француз тілі мен мәдениетіне қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттар жиналған. Олардың кейбірі Францияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде білім алған.

Орталық жанынан ашылған француз қалашығы жастарға француз тілін және мәдениетін кеңінен таныстырып, білім мен ғылым саласындағы әріптестікті нығайтуға үлкен мүмкіндік береді. Студенттер әңгімелесу клубтары аясында түрлі тақырыпта пікірталастар өткізіп, басқа да іс-шаралар ұйымдастыруда.

ф.ғ.к. Мұхаметқалиева Г.Ө.
Халықаралық қатынастар факультеті
Дипломатиялық аударма кафедрасы