- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2025 жылғы 28 ақпанда Халықаралық қатынастар факультетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының «Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаты аясында іс-шара ұйымдастырылды
2025 жылғы 28 ақпанда Халықаралық қатынастар факультетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының «Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаты аясында іс-шара ұйымдастырылды
2 наурыз, 2025

Аталған іс-шараға халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, студенттерге өзекті ақпарат ұсынды. Іс-шара барысында әлем елдеріндегі білім сапасына қатысты презентациялар көрсетіліп, викториналық ойын өткізілді. Сонымен қатар, статистикалық деректер негізінде пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шара студенттердің білім сапасы мәселесіне деген қызығушылығын арттырып, олардың сыни ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Қатысушылар әртүрлі елдердегі білім жүйелерінің ерекшеліктерін салыстырып, олардың тиімді тұстарын талқылауға мүмкіндік алды.
Басқа жаңалықтар

1 сәуір, 2025

31 наурыз, 2025