«Қ.Жұмалиев пен А.Нұрқатов зерттеулеріне тақырыптық, идеялық талдаулар»Farabi University

«Қ.Жұмалиев пен А.Нұрқатов зерттеулеріне тақырыптық, идеялық талдаулар»

25 ақпан, 2025

2025 жыл, 25 ақпан күні филология факультеті, «Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы» кафедрасының аға оқытушысы А.Қ.Саргелтаеваның жетекшілігімен, «Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс, 301-топ студенттеріне «8D02304-Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Г.Утепбергенова тұрақты даму мақсаттары (ТМД 4) аясында, «Абай және оның әдеби мектебі» пәні бойынша  «Қ.Жұмалиев пен А.Нұрқатов зерттеулеріне тақырыптық, идеялық талдаулар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – Қ.Жұмалиев пен А.Нұрқатовтың әдебиеттанудағы еңбектерін саралау, зерттеулерінің тақырыптық, идеялық ерекшеліктерін анықтау, ғалымдардың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін талдау, студенттердің әдеби талдау жасау және ғылыми пікір білдіру дағдыларын дамыту.

Сабақ сайыс түрінде өткізілді. «Бейге», «Дода», «Бейне сұрақ», «SWOT әдісімен талдау» атты төрткезеңнен тұратын сайыс кезінде студенттер  Қ.Жұмалиев пен А.Нұрқатов зерттеулері бойынша дайындалған түрлі тапсырмаларды орындады.  Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде студенттер «CAST LOTS» платформасы арқылы топқа бөлінді. Бірінші кезеңде Абай өлеңдері бойынша фазл құрастыру мақсатында «TARSIA» әдісімен студенттер топта жұмыс жасады. Екінші «Дода» кезеңінде экранда көрсетілетін Wordwall платформасында ұяшық таңдау арқылы Қ.Жұмалиев пен А.Нұрқатов зерттеулері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап берді. Үшінші «Бейне сұрақ» кезеңінде

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ көмегімен Қ.Жұмалиев және А.Нұрқатов студенттерге өз зерттеулері бойынша сауалдар жолдады. «SWOT әдісімен талдау» студенттер Қ.Жұмалиев және А.Нұрқатов зерттеулеріне «Күшті.Әлсіз.Мүмкіндік. Қауіп» деген төрт көзқарас тұрғысынан талдау жасады. Сабақтың әр кезеңі белгіленген балдармен бағаланып, сабақ соңында қорытынды баға шығарылды. Сабақтың қорытынды кезеңінде студенттер «Егер сен ғалым болсаң, қай зерттеушінің еңбегін басшылыққа алар едің? Неге?» деген сауалға жауап берді. Кері байланыс ретінде «ҮШ СӨЗ» әдісі қолданылды. Докторант сабақты жақсы ұйымдастыра білді. Сабаққа студенттер белсене қатысты.