«International Education Fair – 2025» халықаралық білім көрмесіне қатысуFarabi University

«International Education Fair – 2025» халықаралық білім көрмесіне қатысу

8 наурыз, 2025

Халықаралық білім көрмелері студенттердің академиялық және кәсіби дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Мұндай іс-шаралар шетелдік білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат алып, жаңа байланыстар орнатуға және болашақ жоспарларын айқындауға мүмкіндік береді.

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері оқытушыларымен бірге «International Education Fair – 2025» халықаралық білім көрмесіне қатысты. Көрме Rixos Almaty қонақүйінде өтіп, 40 елден 70-тен астам университет пен білім беру мекемелерін жинады. Қатысушылардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Франция және басқа да елдердің беделді жоғары оқу орындары болды.

Көрме барысында студенттер:
Бакалавриат, магистратура, тілдік курстар және жазғы мектептер бағдарламаларымен танысты.
Оқуға түсу талаптары, құжаттарды тапсыру мерзімдері және стипендия алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Мансап таңдауы мен табысты түсу стратегиясы бойынша шеберлік сыныптарына қатысты.
ЖОО өкілдерімен жеке кеңестер алып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Осындай іс-шаралар студенттерге халықаралық білім беру мүмкіндіктерін зерттеуге және өз болашағын академиялық трендтерге сәйкес жоспарлауға көмектеседі.

PhD Мұхаметқалиева Г.О.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасы