Француз альянсындағы ашық есік күніFarabi University

Француз альянсындағы ашық есік күні

8 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Француз альянсында өткен Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті.

Бағдарлама аясында студенттер:
Бастауыш және жоғары деңгейлерге арналған сынақ сабақтарына қатысты.
Францияда білім алу мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды.
Франция мәдениетіне арналған викторинаға қатысып, білімдерін кеңейтті.

Бұл күн студенттерге француз тілімен, Францияның білім беру жүйесімен және мәдениетімен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік болды.

PhD Мұхаметқалиева Г.О.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасы