Жастар Тұрақты даму мақсаттарын (5 және 10) алға жылжытуды қолдайды

2025 жылғы 7 наурызда Халықаралық қатынастар факультетінде кураторлық сағат аясында Тұрақты даму мақсаттарының 5-ші және 10-шы мақсаттарына арналған интерактивті талқылау өтті.
Іс-шараны ағылшын бөлімінің 3-курс эдвайзері Деловарова Л.Ф. ұйымдастырды. Сондай-ақ, кездесуге факультеттің аға эдвайзері Келгенбаев К.М. шақырылды.
Интерактивті талқылау барысында студенттер гендерлік теңдікті ілгерілету және халықаралық қатынастардағы теңсіздік түрлерін азайту мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіріп қана қоймай, сондай-ақ оларды шешудің маңыздылығын көрсеткен имитациялық кейстер әзірледі.
Сонымен қатар, іс-шара аясында білім сапасы мен қолжетімділігі, жоғары технологиялар, менеджментті дамыту және жалпы инновацияларға қатысты мәселелер көтерілді. Қатысушылардың қорытынды ұсынысы – жастар арасында Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағытын насихаттауға бағытталған тұрақты іс-шараларды ұйымдастыру.
Басқа жаңалықтар

