Мәдени шара барысында презентация, сұрақ-жауап, интерактивті Kahoot ойындары мен түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылдыFarabi University

Мәдени шара барысында презентация, сұрақ-жауап, интерактивті Kahoot ойындары мен түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылды

15 наурыз, 2025

14 наурыз 2025 жылы Халықаралық қатынастар факультетінде жаңа бастамалар мен татулықтың, бейбітшіліктің мерекесі болған «Көрісу күніне» орай ұйымдастырылған мәдени шараға халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті Б.З. Бюжеева, доцент А.Р. Әліпбаев, аймақтану мамандығының 1курс магистранты Оразтай Алайдар және халықаралық қатынастар мамандығының студенттері қатысты.

Мәдени шара барысында презентация, сұрақ-жауап, интерактивті Kahoot ойындары мен түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл шара жастарға еліміздің мәдени мұрасын танып-білуге, ұлттық бірлікті, татулықты нығайтуға бағытталды.

Мәдени шараның басты мақсаты – жастарға ұлттық құндылықтарымызды таныту, оларды туған жерге, мәдениетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру және келешек ұрпақтың өз мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету болды. Жастар белсенді түрде қатысып, қазақ халқының дәстүрлерін жаңғыртуға, оның маңыздылығын түсінуге үлкен қызығушылық танытты.