Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік музейіндегі кездесу

Бұл шара барысында қатысушылар музейдің ғылыми қызметкері этнограф Оралбек Кәріммен кездесіп, заманауи және дәстүрлі өнер мен мәдениеттің қыр-сыры, тарихи жәдігерлер мен заманауи экспонаттардың маңызы жайлы қажетті ақпараттар алды. Осы музейдің экскурсия жүргізуші маманы София Аязбаеваның баяндауы бойынша ұлттық тарихи қолөнер бұйымдарының қолданыс аясы мен жасалу жолдары туралы мәліметтермен таныстырды. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың мәдениетке, тарихқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру және олардың бойында эстетикалық талғам қалыптастыру болды. Заманауи мұражайлар тек экспонаттар қойылатын орын ғана емес, сонымен қатар жаңа білім алу мен өзіндік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін орталық. Білім алушылар бұл кездесу барысында өнер туындыларының тарихымен танысып қана қоймай, оларды зерттеуге қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, жеке пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Білім беру мен мәдениет ұштасқан жерде тәрбиенің ерекше бір қыры қалыптасады. Осындай игі іс-шара студенттерге тарихи-мәдени мұрамен танысуға, өнер туындыларының құндылығын түсінуге және заман ағымына сай жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алады.
Кездесуге қатысушылар ерекше әсер алғандарын айтып өтті.
Мұндай іс-шаралар білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық мұраны қадірлеуге, жан-жақты дамуына үлес қосары сөзсіз.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: PhD, аға оқытушы С.М.Каупенбаева, «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Қ.Ж.Тулакбаева
Басқа жаңалықтар

