Білімді ұлт – мемлекеттің тұрақты дамуының кепіліFarabi University

Білімді ұлт – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі

14 наурыз, 2025

182 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларына «Білімді ұлт – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі» атты танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білімнің қоғамдағы рөлін айқындау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту және жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға негізделген сапалы білім алуға ынталандыру.

Тәрбие сағатын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Қ.М. Борбасова мен конд.доцент Э.Т. Баярстанова, сондай-ақ 1-курс дінтану мамандығының докторанттары арнайы мектеп ұжымымен бірлесе отырып ұйымдастырды және оқушылармен мазмұнды пікірталас өткізді.

Кездесу барысында білімнің ел дамуына қосатын үлесі, ғылым мен инновацияның маңыздылығы, сондай-ақ жас ұрпақтың жауапкершілігі мен міндеттері кеңінен талқыланды. Шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға деген қызығушылығын арттырды.