ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІFarabi University

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

17 наурыз, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы сөзі маңызды мәселелерді қозғады. Әсіресе, салық реформасы, аймақтарды дамыту және тарихи сананы жаңғырту туралы айтқандары көңілге қонымды. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономика мен басқару жүйесін жетілдіруге басымдық беріп отыр.

Әкімдерді халықтың сайлауы – демократияға жақсы қадам, бірақ бұл жүйенің шын мәнінде қалай жұмыс істейтіні маңызды. Жолдар мен инфрақұрылымға бөлінетін қаржы да көп, бірақ ең бастысы – олардың сапасы.

Президенттің кеңестік кезеңге объективті көзқарас туралы айтқаны да орынды. Өткенді дұрыс бағалап, тарихымыздан сабақ алу керек.

Жалпы, сөздері жақсы естілді, енді бастысы – айтылған уәделердің іс жүзінде орындалуы. Егер бәрі уәде бергендей жүзеге асса, ел үшін пайдалы болары анық.

 

Пікір білдірген: Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы Апсаттарова Гулзада