ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КӨРІСУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «БАУЫРСАҚ PARTY» ШАРАСЫ ӨТТІFarabi University

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КӨРІСУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «БАУЫРСАҚ PARTY» ШАРАСЫ ӨТТІ

17 наурыз, 2025

14 наурыз – Көрісу күніне орай Халықаралық қатынастар факультетінде «Бауырсақ party» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеу, студенттер мен оқытушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Факультет ұжымына және студенттерге ыстық бауырсақ таратылды. Сонымен қатар, көрісу күніне орай студенттер мен оқытушылар өзара көрісіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

Бұл мереке факультетте жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін мерекелер қатарына енді.

Мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдағы бірлікті арттыруға зор ықпал етеді.

Көрісу күні – береке мен татулықтың символы. Осы орайда «Бауырсақ party» шарасы жылы көңіл-күй мен көтеріңкі рух сыйлап, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

                                                        

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы: Апсаттарова Гулзада