ЖАТАҚХАНАДА «НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТІЛДІFarabi University

ЖАТАҚХАНАДА «НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТІЛДІ

17 наурыз, 2025

2025 жылғы 14 наурызда Халықаралық қатынастар факультетінің №14 жатақханасында Наурыз мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Осы мерекенің аясында «Ауызашар», «Көрісу күні» және «Бауырсақ Party» мерекелерінің дәстүрлі элеменииері біріктірілді.

Салтанатты концерт ұйымдастырылып, студенттер ұлттық мәдениет пен дәстүрдің байлығын бейнелейтін қызықты қойылымдармен шықты. Мерекелік атмосфераға ерекше мән берілді, мерекелік дастархан жайылып, үлкен казанда дәстүрлі тағамдар дайындалды, бұл ұйымдастырушылардың барлық қатысушылар үшін жайлы әрі қонақжай орта құруға деген шын жүректен талпынысын көрсетеді.

Студенттер мен оқытушылар бір-біріне құттықтаулар айтып, жылы тілектерін білдіріп, сондай-ақ ұлттық ойындар мен конкурстарға қатысты. Осы мерекені өткізу ұлттық дәстүрлерге деген құрметті білдіріп, студенттік қауымдастықтың достық байланыстарын нығайтуға, жылы атмосфера қалыптастыруға және бірлігін арттыруға тамаша мүмкіндік берді.

 

                              Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы: Апсаттарова Гулзада