Қарақалпақ мемлекеттік университеті мен Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықFarabi University

Қарақалпақ мемлекеттік университеті мен Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық

17 наурыз, 2025

Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық аясында қазіргі уақытта заң факультетінде шақырылған оқытушылар дәріс өткізуде.

📜Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ректорының шақыруымен 2025 жылдың 12-22 наурыз аралығында «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының доценті Әділбек Ермекбаев «Халықаралық қатынастар» пәні бойынша дәріс оқуда.

Сапар барысында университеттер арасындағы ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланады.

Бұл сапар екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық байланысты нығайтып, студенттердің халықаралық құқық пен халықаралық қатынастарды тереңірек меңгеруіне жаңа мүмкіндіктер ашады.