"Рамазан – мейірім мен жақсылық айы"Farabi University

"Рамазан – мейірім мен жақсылық айы"

19 наурыз, 2025

 

Философия  және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев пен деканның оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.А. Омирбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 9-жатақханасында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 150 студентке арналған ауызашар ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің рухани құндылықтарын нығайтып, қасиетті айдың берекесін сезінуге мүмкіндік берді.

Ауызашар дастарханы ұлттық тағамдармен, түрлі дәмді ас мәзірімен толтырылып, студенттерге жайлы әрі жылы атмосфера жасалды. Жатақхана әкімшілігі мен ұйымдастырушылар жиналғандарға Рамазанның маңызы туралы айтып, жастарды мейірімділік пен бірлікке шақырды.

Ауызашар барысында студенттер бір-бірімен пікір алмасып, оқу мен рухани даму туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, шара соңында Рамазан айының қасиеті мен сабыр, ізгілік, қайырымдылықтың маңыздылығы жайлы әңгімелер айтылды.

Студенттер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Бұл шара тек ауызашар ғана емес, студенттер арасындағы достық пен бірлікті нығайтқан игі басқосу болды.