«Таза факультет» атты сенбілік шарасы

2025 жылдың 15 наурызы күні әл-Фараби ат.ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінде «Таза факультет» атты сенбілік шарасы өтті. Бұл шараның мақсаты – факультеттің аумағын таза ұстау, студенттер мен оқытушылардың экологиялық мәдениетін арттыру және жалпы қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті сезіндіру. Сенбілікке факультеттің барлық бөлімдері мен ұйымдарының мүшелері белсенді қатысып, бір күннің ішінде көптеген жұмыс атқарылды.
Сенбілікке қатысушылар алдымен факультет аумағын тазалауға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Студенттер мен оқытушылар топ-топ болып бөлініп, әртүрлі аймақтарда жұмыс істеді. Олар жүретін жолдарды, алаңдарды, гүлзарларды жинап, қоқыстарды тазартты. Сонымен қатар, жасыл аймақтарға көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаштар мен гүлдер отырғызылды.
Шараның барысында қатысушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасап, ынтымақтастық пен ұжымдық еңбекке деген баға жетпес тәжірибе алды. Сенбілік барысында факультет деканы Б.Б. Мейрбаев пен деканның оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.А. Омирбекова жол бастап, барлық жұмыс аяқталған соң өз алғысын білдірді.
Бұл сенбілік тек қана факультеттің тазалығын қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар барлық қатысушылар мұндай шаралардың тұрақты түрде өткізіліп, болашақта қоршаған ортаға қамқорлық жасау үшін өз үлестерін қосуға ниетті екендіктерін білдірді.
Қорытындылай келе, "Таза факультет" сенбілігі біздің университетімізде экологиялық мәдениетті нығайтуға және жалпы қоғамның жауапкершілігін арттыруға арналған тамаша бастама болды.
Басқа жаңалықтар

