«Құрметті орта: жыныстық харассмент пен кемсітушіліктің алдын алу» тренингінің қорытындысыFarabi University

«Құрметті орта: жыныстық харассмент пен кемсітушіліктің алдын алу» тренингінің қорытындысы

19 наурыз, 2025

 

2025 жылғы 19 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің социология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы QS Sustainability Rankings рейтингінде алға жылжу бойынша жол картасын жүзеге асыру аясында «Құрметті орта: жыныстық зорлық-зомбылық(харассмент) пен кемсітушіліктің алдын алу» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренинг мемлекеттік тілде жүргізілді, оған факультет студенттері, магистранттары, докторанттары мен қызметкерлері қатысты.

Тренинг оқу және жұмыс орнында қауіпсіз атмосфера құру, қабылданған мінез-құлық шекараларын түсіндіру және университет студенттері мен оқытушылары арасында теңдік мәдениетін дамытуға бағытталды. Тренингке қатысушылар жыныстық зорлық-зомбылық (харассмент) пен кемсітушіліктің түрлерін, оларды алдын алу және инциденттерге дұрыс әрекет ету әдістерін үйренді.

Тренинг барысында қатысушылар:

- Жыныстық зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің негізгі түрлерін, олардың белгілері мен салдарын;

- Қалаусыз мінез-құлықты тану және алдын алу әдістерін;

- Инциденттерге дұрыс әрекет ету және зардап шеккендерді қолдау жолдарын;

- Кемсітушілікке қатысты құқықтық аспектілерді және нөлдік төзімділік саясатын үйренді.

Тренингті Оспанбек Назира Бақытнұрқызы — әлеуметтік жұмыс магистрі, 10 жылдық тәжірибесі бар әлеуметтік жұмысшы жүргізді. Ол қиын өмірлік жағдайдағы отбасылармен, қабылдаушы отбасылармен және балалар үйлерінің түлектерімен жұмыс істеген. Назира Бақытнұрқызы БҰҰ халық қорының ұлттық жаттықтырушысы, Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық бойынша қауымдастығының мүшесі және мемлекеттік және орыс тілдерінде «Асырап алушы ата-аналар мектебі» тренері.

Маңызды сәттер:

- Тренингке қатысушылар белсенді түрде талқылауға қатысып, сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті.

- Практикалық тапсырмалар мен рөлдік ойындар, жағдайларды талқылау жүргізіліп, олар алынған білімді бекітуге мүмкіндік берді.

- Кемсітушілікпен күрес әдістері және осы мәселеге қатысты құқықтық аспектілерге ерекше көңіл бөлінді.

Тренинг Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары арасында жыныстық зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселелері туралы хабардарлықты арттыруда маңызды қадам болды. Қатысушылар тек теориялық білім ғана емес, оқу орнында қауіпсіз және құрметті атмосфера құруға көмектесетін практикалық дағдылар алды. Университет аясында осындай тренингтерді өткізу теңдік пен инклюзивтілік мәдениетін дамытуға ықпал етеді, бұл КазҰУ-дың QS Sustainability Rankings рейтингінде алға жылжуының маңызды аспектісі болып табылады.

Тренинг сәтті өтті, қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерге пайдалы ақпарат және практикалық кеңестер үшін алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырған: Арын Д.А.