Экология мамандығының 1-курс студенті Мерей Шолпан «Miss Sunkar 2025» байқауының жеңімпазы атанды!Farabi University

Экология мамандығының 1-курс студенті Мерей Шолпан «Miss Sunkar 2025» байқауының жеңімпазы атанды!

24 наурыз, 2025

19 наурыз күні өткен «Miss Sunkar 2025» байқауында Мерей Шолпан Аянбекқызы топ жарып, бірінші орынға ие болды! Ол Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 6B05202 – Экология мамандығының 1-курс студенті. Байқау барысында Шолпан Аянбекқызы сұлулық пен ақыл-парасаттың, көшбасшылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Бұл байқауда қатысушылар интеллект, көшбасшылық қабілет, шығармашылық және өзін-өзі таныстыру кезеңдерінен өтіп, өздерінің жан-жақты дамыған тұлға екенін дәлелдеді. Жеңімпаз атанған Мерей Шолпанға арнайы сыйлық – Түркияға жолдама табысталды!

«Miss Sunkar» – тек сұлулық жарысы емес, өзіне сенімді, білімді, көшбасшылық қабілеті жоғары аруларды қолдайтын платформа. Мерей Шолпанның бұл жеңісі – тек оның ғана емес, білім мен ғылымға ұмтылған барлық жастың жетістігі!

Құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыра бер! 🎉👏

https://www.instagram.com/p/DHkeUwxCA1E/?igsh=MXZhamdwemRmem16Yw