БҰҰ-ның 12-ші тұрақты даму мақсаты аясында: «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында өткізілген іс-шараға қатысқан магистранттар мен студенттер заманауи тұрақты тұтыну әдістерімен танысып, қалдықтарды азайту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді.Farabi University

БҰҰ-ның 12-ші тұрақты даму мақсаты аясында: «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында өткізілген іс-шараға қатысқан магистранттар мен студенттер заманауи тұрақты тұтыну әдістерімен танысып, қалдықтарды азайту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді.

12 наурыз, 2025

2025 жылдың 5 наурызында сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде доцент Б.3. Бюжееваның ұйымдастыруымен БҰҰ-ның 12-ші тұрақты даму мақсаты аясында: «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында өткізілген іс-шараға қатысқан магистранттар мен студенттер  заманауи тұрақты тұтыну әдістерімен танысып, қалдықтарды азайту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді. Студенттер викториналық сұрақтарға жауап берді, интерактивті ойындарға белсене қатыса отырып, өз білімдерін тексеріп, шыңдай түсті. Қатысушылар ресурстарды шамадан тыс пайдаланумен байланысты мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын белсенді түрде талқылады және күнделікті өмірде тұрақты түрде енгізу туралы өз идеяларымен бөлісті.