Global sky зертханасы университеттің ғылыми әлеуетін арттырады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында құрылған зертханалардың бірі – атмосфералық зерттеулердің Global Sky инновациялық зертханасы. Бұл зертхана атмосфералық процестерді тереңірек түсіну, ауа райы мен климаттық өзгерістердің салдарын болжау, сондай-ақ атмосфералық ауаның тұрақтылығы мен сапасын басқару саласында инновациялық шешімдерді құру үшін озық технологиялар мен әдістерді әзірлеп енгізу мақсатында құрылған.
География ғылымының докторы, профессор, жоба жетекшісі Виталий Сальниковтың айтуынша, зертхананың қызметі ел экономикасы үшін өте маңызды бірнеше бағытқа негізделген:
1. Құрғақшылық пен жұт, жылымық пен қатты аяз сияқты жаһандық және аймақтық климаттық өзгерістердің әсерінен болатын атмосфералық қауіптерді зерттеу және оларды алдын ала ескерту жүйесін құру.
2. Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолында көміртегі ізін азайту контексінде баламалы энергия көздерінің қолжетімді потенциалының динамикасын зерттеу.
3. Атмосфералық процестерге белсенді әсер етудің жаңа әдістерін зерттеу және сынақтан өткізу.
4. Оның сапасын басқару жүйесін құру мақсатында атмосфералық ауаның ластануының заманауи мәселелерін зерттеу.
ЗЕРТХАНАНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Технологиялық көшбасшылық. Зертхана мамандандырылған деректерді жинап талдауға арналған заманауи технологияларға қол жеткізе алады. Оған мысал ретінде метеорологиялық температура профилемерін алуға болады. Атап айтқанда атмосфераның шекаралық қабатындағы радиацияның 0-ден 1000 метрге дейінгі биіктікте өлшейтін қашықтықтан зондтау құралы, цифрлық химиялық-атмосфералық модельдер (WRF – Chem-Weather Research and Forecasting (WRF) Model coupled With Chemistry) және т.б.
Сараптама мен тәжірибе. Зертхана командасының құрамына атмосфералық зерттеулер саласында көпжылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар тартылды. Кәсіби мамандар сараптама мен зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Инновациялық әдістер мен тәсілдер. Зертхананың мынадай әлеуеті бар екенін ауыз толтырып айта аламыз. Ауа райы мен атмосфералық параметрлер туралы деректерді жинау үшін интернет технологиясын (IoT-Internet of things) қолданады; спутниктік бақылау және қашықтықтан зондтау; атмосфералық процестерді модельдеу және модельдеу әдістерін пайдаланады; жасанды интеллектіні қолдана отырып математикалық әдістерді будандастыру сияқты атмосфераны зерттеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін әзірлеу және нейрондық желілер мүмкіндігі бар.
Пәнаралық тәсіл. Бір атап өтерлігі, зертхана атмосфералық процестерді және олардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жан-жақты зерттеуге ықпал ететін метеорология, гидрология, география, геоинформатика, экология, математика, жасанды интеллект, Big data, компьютерлік модельдеу және т.б. сияқты ғылымның түрлі салаларындағы мамандардың басын біріктіреді.
Ынтымақтастық және серіктестік. Зертхана ұлттық және халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, үкіметтік ұйымдар және жеке компаниялармен белсенді ынтымақтастықта. Жоба жетекшісі Виталий Сальниковтың пікірінше, мұндай ынтымақтастық білім, тәжірибе және ресурстарды тиімді алмасуға ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Global Sky зертханасы ғылыми әлеуетті дамытуға, талантты мамандарды тартуға және университеттің атмосфералық ғылымдар саласындағы көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ететін академиялық және ғылыми қызметтің маңызды құрамдас бөлігі саналады.
Нәтижелерге сұраныс. Атмосфералық зерттеулердің инновациялық зертханасы жұмысының нәтижесі оны кең ауқымда пайдаланушыларға аса маңызды. Оның ішінде:
1. Мемлекеттік органдар мен қызметтерге:
Қазгидромет: ауа райы болжамдарын жақсартуға, табиғи апаттар туралы ерте ескерту және ауа сапасының мониторингіне пайдалануға құнды дерек болмақ.
Барлық деңгейдегі әкімдіктер, сондай-ақ экология, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және су ресурстарын басқаруға жауапты министрліктер мен ведомстволарға негізделген шешім қабылдауға көмек береді. Ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға және ауа райы мен климатқа байланысты тәуекелдерді азайтуға ықпалды.
Төтенше жағдайлар қызметі: табиғи апаттарға тиімді әрекет ету және олардың салдарын азайту.
2. Жеке сектор:
Жер қойнауын пайдаланушылар: атмосфералық ауаның және жалпы қоршаған ортаның ластану шегінен асып кету тәуекелдерін төмендетуге қолданады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары: ауылшаруашылық өндірісін оңтайландыруға, өнімділікті арттыру және ауа райына байланысты тәуекелдерді азайтады.
Энергетикалық компаниялар: энергияға деген сұранысты болжау, электр станцияларының жұмысын оңтайландыру және жаңартылатын энергия көздерін дамытады.
Сақтандыру компаниялары: ауа райы мен климатқа байланысты тәуекелдерді бағалап, сақтандыру өнімдерін әзірлейді.
Көлік компаниялары: маршруттарды оңтайландырады, кешігу қаупін азайтып, тасымалдау қауіпсіздігін арттырады.
Туристік компаниялар: ауа райын болжайды және туристерді тартады.
3. Ғылыми қоғамдастық:
Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары: атмосфералық ғылымда әрі қарай қосымша зерттеу жүргізу бойынша жаңа технологиялар мен модельдерді әзірлейді.
Халықаралық ұйымдар: климатты бақылайды, климаттың өзгеру қаупін бағалап, бейімделу және азайту шараларын әзірлейді.
4. Халыққа тиімділігі: ауа райы, ауа сапасы және табиғи апаттар қаупі туралы ақпарат алады.
5. БАҚ-пен байланыс: ауа райы, климат және қоршаған орта туралы қоғамға ақпарат таратады.
Тағы бір айтарымыз, атмосфералық зерттеулерді жүргізу тұрақты даму мақсаттарымен тығыз интеграцияда. Оның ішінде ТДМ-2 – аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ТДМ-3 – жақсы денсаулық және салауаттылық, ТДМ-4 – сапалы білім, ТДМ-7 – қолжетімді және таза энергия, ТДМ-9 – өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым, ТДМ-11 – орнықты қалалар мен елді мекендер, ТДМ-13 – климаттың өзгеруіне қарсы күрес, ТДМ-15 – құрлық экожүйелерін сақтау, ТДМ-17 – тұрақты даму үшін серіктестік бағыты бойынша тығыз жұмыс істейді.
ТҮЙІН:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Global Sky зертханасы университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға, талантты мамандарды тартуға және оқу орнының атмосфералық ғылымдар саласындағы көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ететін академиялық және ғылыми қызметтің маңызды құрамдас бөлігі.
Гүлзат
НҰРМОЛДАҚЫЗЫ
Басқа жаңалықтар


