“Қазақтың Ұлы Перзенті - Қаныш Имантайұлы Сәтпаев” Farabi University

“Қазақтың Ұлы Перзенті - Қаныш Имантайұлы Сәтпаев” 

26 наурыз, 2025

26.03.2024 ж. сағат 13.00-де әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында кафедра доценті, т.ғ.к, доцент Құтжан Асқан Нұртайқызының ғылыми және педагогикалық жетекшілігімен “Экология” мамандығының 1-курс магистранты Жабықбай Дана Берікқызы педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында “Қазақ даласының ұлы перзенті - Қаныш Имантайұлы Сәтпаев“ атты ашық тәрбие сағатын сәтті өткізді. 

Іс шараға факультет ОПҚ-ы мен студент жастары қатысты. Шара өте қызықты, әрі тартымды өтті. Баяндамашы Жабықбай Д. Қаныш өмірбаянын, еңбек мен өмір жолы туралы және Санжар Керімбайдың “Қаныш және ғылыми майдан” кітабында бейнелеген нар тұлғалардың Қаныш туралы алғашқы  кітапты жарыққа шығару жолындағы қиындықтары  жайында сөз қозғалды. 

Іс шара арасында белсенді  студенттерге сыйлықтар тапсырылып, соңында ғылыми жетекші, т.ғ.к., доцент Құтжан Асқан Нұртайқызына және кафедра доценті, т.ғ.к. Қожахан Айгүл Кәріпжанқызына  сөз берілді. 
Шараны өткізген Дана Берікқызына пікірлер мен ұсыныстар айтылып, студенттер тарапынан алғыстар білдірілді. 

Бүгінгі айтулы іс шараны ұйымдастырып, ашық тәрбие сағатын өткізген Дана Берікқызына және Аяулым бастаған факультет студенттері мен мобилограф Диляра мен Ерханға зор алғысымызды білдіреміз!