«Марғасқа жырау тұсындағы тарихи жағдай»Farabi University

«Марғасқа жырау тұсындағы тарихи жағдай»

27 ақпан, 2025

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ-4) аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының ф.ғ.к., профессоры Б.С. Сарбасовтың және педагогикалық практика жетекшісі,  Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатованың  жетекшілігімен, «Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс студенттеріне «8D02304-Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторантты Г.М. Мужигова XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті пәні бойынша «Марғасқа жырау тұсындағы тарихи жағдай» тақырыбында ашық семинар және ашық дәріс сабағы өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – Марғасқа  жыраудың толғауларына тереңірек тоқталу, оның жыраулық дәстүрдегі орнын анықтау. Марғасқа толғауларының мәні мен маңызын саралау және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Жырау шығармаларының тарихи әдеби және тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Докторант Мужигова Гульназира алдымен топтағы студенттерді түгендеді. Өткен сабақ бойынша пысықтау сұрақтарын қойды.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде студенттер «CAST LOTS» платформасы арқылы топқа бөлінді.

Ашық сабақ сайыс түрінде өткізілді. «Бейге», «Дода», «Бейне сұрақ», Кім тапқыр «Random map және SWOT әдісімен талдау» атты төрт кезеңнен тұратын сайыс кезінде студенттер  Әлкей Марғұлан мен Мұхтар Әуезов зерттеулері бойынша дайындалған түрлі тапсырмаларды орындады.

Бірінші кезеңде өткен тақырыптар бойынша жыраулар толғауларынан үзінді беріледі соны қай жыраудың толғауы екенін жылдам табу тапсырмасы берілді. Екінші кезең «Дода» кезеңінде экранда көрсетілетін Wordwall платформасында ұяшық таңдау арқылы Марғасқа жырау мұрасы бойынша дайындалды. Үшінші кезең «Бейне сұрақ» кезеңінде ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ көмегімен сауалдар жолдады. Бейне сұрақ барысында білім алушыларға Марғасқа жырау шығармашылығы  бойынша  ұсынған сұрақтар мен тапсырмалар жиынтығы өзекті мәселелерді қамтиды.

Ашық сабақ барысында  Марғасқа жырау шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырлардағы басылымы жайлы зерттеушілер еңбектеріне терең тоқталды. Жыраулар мұрасын ХІV-ХV ғасырлардағы саяси жағдай және   қоғамдық-әлеуметтік тарихи жағдай аясында қарастыра отырып, оның негізгі даму бағыттарын, көркемдік табиғатын, жанрлық ерекшеліктерін саралады.

Семинар сабақтың  мазмұнды, мағыналы, қызықты өтуіне  «8D02304-Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанттары Г.М. Мужигова докторант студенттерге жыраулар мұрасын кейінгі дәстүрлі әдебиетпен байланысын қарастыра отырып, аталмыш кезеңдегі шығармалардың ерекшеліктерін ажырата білді. Семинар сабағын өте жақсы өткізді.

Кері байланыс ретінде «ҮШ СӨЗ» әдісі қолданылды. Докторанттар сабақты жақсы ұйымдастыра білді. Сабаққа студенттер белсене қатысты.