Наурыз – бірлік пен дәстүр мерекесі!

📅 21 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Қырғызбай Құдайберген Наурыз мерекесіне орай студенттермен арнайы кездесу ұйымдастырды. Іс-шара университеттің жатақханасында өтті.
Кездесу барысында ол қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы жан-жақты баяндап, Наурыздың тарихы мен маңыздылығын түсіндірді. Студенттер ұлттық ойындарға қатысып, қазақтың асыл мұралары жайында қызықты ақпарат алды. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің тек көктемнің келуімен ғана емес, адамдар арасындағы бірлік пен татулықтың нығаюымен де тікелей байланысты екенін атап өтті.
Іс-шара жастарға рухани тәрбие беріп, олардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды. Студенттер ерекше әсер алып, осындай шаралардың жиі өткізілуін қалайтындықтарын жеткізді.
Басқа жаңалықтар


