Талғар ауданында кәсіби бағдар беру іс-шарасы

2025 жылдың 14 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы №17 мектепте кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларына университет пен факультет мамандықтары туралы толық ақпарат ұсынылды. Мамандандырылған буклеттер таратылып, әрбір мамандықтың ерекшеліктері мен болашақ мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.
Сондай-ақ, "Мәдениеттану" мамандығының 1-курс докторанты Қ.А. Тұрсынбаева да арнайы презентация жасап, аудиториямен белсенді қарым-қатынас орнатып, сұрақтарға жауап берді.
Бұл шараны ұйымдастырған аға оқытушы, PhD С.М. Каупенбаева және филос.ғ.д., доцент А.К. Жолдубаева оқушылармен тікелей қарым-қатынас орнатып, олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында оқушылар мәдениеттану, дінтану және исламтану бағыттары бойынша кәсіби кеңестер алып, қызығушылық білдірген мамандықтар туралы тереңірек мағлұматқа ие болды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардан оң пікірлер жинады. Ұйымдастырушылар болашақта осындай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.
Басқа жаңалықтар

