Әдебиеттің қоғамдық пікірге ықпалыFarabi University

Әдебиеттің қоғамдық пікірге ықпалы

18 наурыз, 2025

 

2025 жылғы 18 наурыз күні Абылай хан, 105 мекенжайында Қазақстан Жазушылар одағымен "Жазушы және заман: Әдебиеттің қоғамдық пікірге ықпалы" тақырыбындағы кездесу сәтті өтті. Іс-шараны "Саясаттану" және "Конфликтология" мамандығының докторанттары мен "Саясаттану" мамандығының магистранты ұйымдастырды. Сонымен қатар, тәжірибе жетекшілері – "Педагогика және білім беру менеджменті" кафедрасының п.ғ.к., доценті Б.И. Иманбекова, "Жалпы және қолданбалы психология" кафедрасының п.ғ.д., профессор С.К. Бердибаева және "Саясаттану және саяси технологиялар" кафедрасының тәжірибе жетекшілері шақыртылды. "Саясаттану және саяси технологиялар" кафедрасының бакалаврлары мен магистранттары қатысты.

Іс-шараға белгілі қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасарлары Ғалым Қалибекұлы және Қасымхан Бегманов қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің дамуы мен қазіргі ахуалы туралы тың ақпарат алды. Танымал жазушылармен пікір алмасып, сұрақ қою мүмкіндігі болды. Әдебиеттің саясатпен байланысы, қазақ тіліндегі әдебиеттердің даму жағдайы және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

Тұрақты даму мақсаттары:
№4 – Сапалы білім: Білім беру саласын кеңейтіп, әдебиет пен саясаттың өзара байланысын талқылау.
№10 – Теңсіздікті азайту: Қазақстан Жазушылар одағының өкілдерімен кездесу арқылы қоғамдағы түрлі пікірлер мен ойларды ортаға салуға мүмкіндік беру, шығармашылық пен ой еркіндігін дамыту.
№16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар: Әдебиет арқылы азаматтық белсенділікті арттыру, саяси сананы дамыту, ашық диалог орнату.
№17 – Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік: Ғылым мен мәдениет өкілдерінің бас қосуы, университет пен Жазушылар одағы арасындағы ынтымақтастық – тұрақты даму үшін маңызды серіктестік мысалы.

Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды. Қатысушылар қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы мен болашағы туралы құнды ақпарат алды және әдебиет пен саясаттың байланысы бойынша пікір алмасты.