
2025 жылдың 15 наурызында Астана қаласында дарынды жастардың қатысуымен «Орталық Азияның үздік студенті» халықаралық конкурсы өтті. Орталық Азия елдерінің жастар саясатын дамытуға бағытталған шараны «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының «6B05302-Киберфизика» Білім беру бағдарламасының студенті Биболатова Жанель Султангалиқызы «Орталық Азияның үздік студенті» халықаралық конкурсының қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Басқа жаңалықтар

29 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025