ТДМ №7 – «Қолжетімді және таза энергия»Farabi University

ТДМ №7 – «Қолжетімді және таза энергия»

2 сәуір, 2025

Аға оқытушы М.Н. Султангазина студенттерге арналған «Плазма – сарқылмайтын және экологиялық таза энергия көзі» атты іс-шара өткізді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының №7 – «Қолжетімді және таза энергия» тақырыбына арналды. Кездесу барысында ол плазманың болашағы зор, сарқылмайтын және қоршаған ортаға зиянсыз энергия көзі ретінде маңыздылығын атап өтті. Әсіресе термоядролық энергетика мен қалдықтарды қайта өңдеуде плазманың қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Студенттер талқылауға белсене қатысып, плазмалық технологияларды іс жүзінде қолдану туралы сұрақтар қойды. Іс-шара студенттердің тұрақты даму және энергетиканың келешегі туралы саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.