
Аға оқытушы М.Н. Сұлтанғазина мен 1 курс докторанты С. Баирова психолог, психология ғылымдарының кандидаты Д.А. Смановтың қатысуымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кездесу барысында жынысына қарамастан баршаға тең құқық пен мүмкіндік беру мәселелері талқыланды. Психолог әділетті қоғам құруға кедергі келтіретін негізгі стереотиптер мен таптаурын пікірлерді түсіндіруге көмектесті. Студенттер белсенді түрде диалогқа қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер өзара құрмет пен эмпатияны дамытуға ықпал етеді. Қызықты әрі пайдалы әңгімесі үшін психологқа алғысымызды білдіреміз!
Басқа жаңалықтар

29 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025