ТДМ №7 – Қолжетімді әрі таза энергияFarabi University

ТДМ №7 – Қолжетімді әрі таза энергия

4 сәуір, 2025

Аға оқытушы Абдиева Ш.А. жетекшілігімен ФПиКФ кафедрасының «Электр энергетикасы» мамандығының 225 және 301 топ студенттері және 1 курс магистранты Ескелді Е. POWERTECH 2025 көрмесін тамашалады.
Power Tech Expo – 23-ші халықаралық энергетика және электротехника өнеркәсіптік көрмесі, мұнда қатысушылар электр жабдықтары, электр энергиясын беру және тарату жүйелері саласындағы соңғы жетістіктер мен әзірлемелерді, сондай-ақ энергетикалық жүйелерді автоматтандыру және басқару шешімдерін көрсетті.
«Renewable Energy Expo 2025» – баламалы энергия көздері мен соған байланысты технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді ілгерілетуге және көрсетуге бағытталған жаңартылатын энергия әлеміндегі оқиға. 
Студенттер компания өкілдерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, жаңартылатын энергия саласындағы соңғы технологиялармен танысты. 
Бұл iсшара студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттырды.