ТДМ 4 – Сапалы білім беруFarabi University

ТДМ 4 – Сапалы білім беру

4 сәуір, 2025

ТДМ 4 – Сапалы білім беру бойынша іс-шара
Тұрақты даму мақсаты №4 – Сапалы білім беру аясында аға оқытушы М.Н. Султангазина студенттердің қолжетімді және инклюзивті білім берудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шара өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар білім алуға тең қолжетімділік, заманауи білім беру технологияларының рөлі және үздіксіз өзін-өзі дамыту мәселелерін талқылады. Бұл кездесу сапалы білім – әр адамның дамуы мен тұрақты болашақтың негізі екенін түсінуге ықпал етті. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, білім беру ортасын жақсарту жолдары туралы өз ойларымен бөлісті.