Туризм индустриясының өзекті мәселелеріFarabi University

Туризм индустриясының өзекті мәселелері

5 сәуір, 2025

Рекреациялық география және туризм кафедрасында 3 сәуір күні «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы аясында «Туризм индустриясының өзекті мәселелері» секциясы өз жұмысын атқарды. Секцияға жас ғалымдардан өзекті және қызықты тақырыптарда тезистер келіп түсті. Сонымен бірге шара жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа идеялар мен серіктестердің қалыптасуына ықпал етті.

Кафедра оқытушыларынан құралған конкурстық комиссия студенттердің шығуларын тыңдап болған соң жеңімпаздарды анықтады:

1 орын – Шырынтай Әмина (ғылыми жетекшісі Нұрұлы Е.);

2 орын – Қамбарова Аруза (ғылыми жетекшісі Нұрұлы Е.); Серікбол Аружан (ғылыми жетекшісі Алиева Ж.Н.);

3 орын – Бақыт Айнұр (ғылыми жетекшісі Асипова Ж.М.); Инкарбаев Алибек (ғылыми жетекшісі Жакупова А.А.); Халмухамед Ырысты (ғылыми жетекшісі Асипова Ж.М.).

Кафедра әкімшілігі жас ғалымдарға зор табыс тілейді.