Алматы қаласының фармацевтикалық кәсіпорындарының өкілдерімен магистранттардың онлайн-кездесуіFarabi University

Алматы қаласының фармацевтикалық кәсіпорындарының өкілдерімен магистранттардың онлайн-кездесуі

13 наурыз, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының 9-бағыты: "Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым" аясында 2025 жылғы 13 наурызда "7М07203 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" және "7М07106 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламаларының 1-курс магистранттары Алматы қаласының фармацевтикалық компанияларының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Іс-шара педагогикалық практика шеңберінде х.ғ.к., аға оқытушы Үмбетова А.К. (органикалық заттардың, табиғи қосылыстар мен полимерлердің химиясы және технологиясы кафедрасы) жетекшілігімен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар ретінде магистранттар: Серікбай Асланбек, Шепилов Даниил, Жолаева Жұлдыз және Ли И қатысты.

Кездесу барысында кафедраның келесі оқытушылары белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті:

  • х.ғ.к., аға оқытушы Литвиненко Ю.А.
  • PhD, профессор м.а. Құдайбергенова Б.М.
  • PhD, аға оқытушылар Кенесова З.А. және Елібаева Н.С.

Кездесу барысында Алматы қаласындағы инновациялық фармацевтикалық кәсіпорындар таныстырылды. Қатысушылар кәсіпорындардың құрылымы, заманауи зерттеулер мен өндірістік процестер туралы ақпарат алып, кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

Бұл іс-шара ғылыми қауымдастық пен фармацевтикалық индустрия арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға, сондай-ақ саланың инновациялық дамуын қолдауға ықпал етеді.