
2025 жылдың 3-4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция аясында теориялық және ядролық физика кафедрасының студенттері баяндамалар жасап, белсенді қатысты. Конференция студенттер, магистранттар мен докторанттар арасында білім алмасу, ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандыру үшін маңызды алаңға айналды.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, сонымен қатар барлық қатысушыларға қызығушылықтары, ғылыми белсенділігі үшін алғыс айтамыз.
Басқа жаңалықтар

29 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025