- Басты бет
- Жаңалықтар
- Физика-техникалық факультетте «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының ашылуы. ТДМ 9 және ТДМ 4
Физика-техникалық факультетте «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының ашылуы. ТДМ 9 және ТДМ 4

2025 жылғы 3 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» халықаралық ғылыми конференциясының секциялық жұмыстарының салтанатты ашылуы өтті.
Конференцияға Қазақстан мен шетелдің түрлі жоғары оқу орындарынан 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас зерттеушілер қатысуда. Физика-техникалық секция аясында физика, инженерия, энергетика, экология және цифрлық технологиялар салаларындағы өзекті зерттеулерді қамтитын 313 ғылыми баяндама қабылданды. Бұл жұмыстар мынадай тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) тығыз байланысты:
- ТДМ 9 – Тұрақты инфрақұрылым құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу;
- ТДМ 4 – Баршаға сапалы, инклюзивті және әділ білім беруді қамтамасыз ету.
Конференция мына бағыттарды қамтыды:
- Теориялық физика
- Ядролық физика
- Конденсацияланған күй физикасы және наноматериалтану
- Жылуфизика және теориялық жылутехника
- Радиофизика және электроника. Астрономия
- Энергетика және энергия үнемділігі
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Плазма физикасы және нанотехнологиялар
- Физикадағы білім беру технологиялары
Ең көп қызығушылықты «Радиофизика және электроника. Астрономия» секциясы тудырды – оған 53 тезис келіп түсті. Бұл цифрландыру, телекоммуникациялар, ғарыштық технологиялар және астрофизика саласындағы қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға ғылыми еңбектерінің жоғары деңгейі мен тұрақты даму тақырыбына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді. Конференция аптаның соңына дейін аралас форматта жалғасады. Нәтижесінде баяндамалардың тұрақты даму мақсаттарымен байланысын көрсететін ғылыми жинақ шығарылады.
Басқа жаңалықтар


