РФ профессоры Николай Егоровтың ҚазҰУ-дағы көшбасшылық дәрісі

ҚазҰУ-да университеттің білім беру бағдарламасы аясында филология ғылымының докторы, профессор Николай Егоровтың «Тарихтағы тіл және тілдегі тарих (тіл тарихи дерек көзі ретінде)» тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректорының м.а. Марғұлан Ибраимов дәріс басталар алдында белгілі түркітанушы-лингвист, филология ғылымының докторы, профессор, Чуваш Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Түрік лингвистикалық қоғамының корреспондент-мүшесі, Бүкіләлемдік түркологтар қауымдастығы төралқасының мүшесі, ҚазҰУ-дың Түркология және алтайтану ҒЗИ бас ғылыми қызметкері Николай Егоровты таныстырды. Сегіз тілді меңгерген профессор әртүрлі ғылыми ұйымдарда, соның ішінде Пекин ұлттық университетінде, И.Н.Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университетінде және басқа да ЖОО-ларда мол тәжірибе жинақтаған.
Дәрістің басталуын ғалым ҚазҰУ-дың Түркітану және алтайтану ҒЗИ алғашқы қадамдарына арнады. Николай Егоровтың айтуынша, Түркология және алтайтану ҒЗИ құру туралы мәселені өткен ғасырда ғалымдар талқылап, тек екі жыл бұрын ғана ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев жүзеге асырды. «Қазақстан түркі әлемін, түркі халықтарының тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеу орталығына айналуда. Біз бұл туралы өткен ғасырда армандадық. Қазақстан бүгінде барлық ғылыми түркітанудан озып, өзінің заңды құқығына ие болып отыр. Түркітану және алтайтану ҒЗИ негізгі міндеті – тілдегі тарих пен тарихтағы тіл проблемалары арасындағы күрделі қатынастарды зерттеу болып табылады. Бұл метафоралық белгіленген мәселе әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің үш практикалық бағытын біріктіреді. Атап айтсақ, олар: лингвистикалық, түркі тіл білімі, этнолингвомәдениеттану және палеотарихи. Бұл, жалпы, түркі тарихының жазбаша дереккөздерде жарияланбаған кезеңі. Бұл кезеңді тек тілдің деректері бойынша ғана зерттеуге болады», – деді ғалым. Сондай-ақ ол тіл тарихтағы ең маңызды дереккөз екенін атап өтті. Адамды қоршап тұрған барлық нәрсе тілде көрінеді және сақталады. «Егер біз сөздердің тарихын және жалпы тілдің тарихын дұрыс түсінетін болсақ, онда біз ортақ түркі тілінің қоймасында сақталған тарихтың құпия кілттерін табамыз», – дейді Николай Егоров.
Лектор тілдегі өзгерістер әлеуметтік және саяси өзгерістерді қалай көрсететінін жөнінде көптеген мысалдар келтірді. Ол лексика, грамматикалық құрылымдар, тіпті тілдің фонетикалық ерекшеліктері халықтардың көші-қон, мәдени байланыстар мен тарихи апаттар туралы айта алады дегенді алға тартты. Тіл – уақыт өте келе дамитын тірі организм. Бір кездері басқа тілдер мен диалектілерден алынған сөздер мәдени алмасулар мен тарихи оқиғаларды бейнелейтін ұлттық лексиканы байытады.
Дәріс барысында халықтың бірегейлігін қалыптастырудағы тілдің рөліне ерекше назар аударылды. Николай Егоров тіл мәдени бірегейліктің негізгі элементі болып табылатынын және ұлттың тарихи жадын сақтауға ықпал ететінін атап өтті. Ол тыңдаушыларды тарих пен мәдениетті түсіну құралы ретінде тіл үйренудің маңыздылығын түсінуге шақырды.
Дәріс соңында профессор Н.Егоров аудиторияның сұрақтарына жауап берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

