Әділханов Мұрат ӘділханұлыFarabi University

Әділханов Мұрат Әділханұлы

24 сәуір, 2025

Туған күні: 6 ақпан 1973 жыл
Туған жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылы, Қазақ КСР

 Білімі:

  • 1994 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген

  • 1997 жылы Жетісу экономикалық институтын тәмамдаған

  • 2016–2018 жылдары Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған

Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты, профессор
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, қытай

 Кәсіби қызметі мен қоғамдық жұмысы:

  • 1995–1998 жж. — «КазИнтерЭтнос» ТМҚ-ның вице-президенті

  • 1998–2001 жж. — «Алматинский Торговый Банк» және «Транс-Азиатский Торговый Банк» басқарма төрағасының орынбасары

  • 2001–2003 жж. — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Алматы филиалы директорының кеңесшісі

  • 2003 жылдан — «Koktem Group LTD» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры (құрылыс және жылжымайтын мүлік саласында)

  • 2018 жылдан — «FalconEuroBus» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы (Falcon MURAT ADILKHAN электробустарын шығаратын зауыт)

  • 2012–2023 жж. — Алматы қаласы мәслихатының V, VI және VII шақырылымдарының депутаты, құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Қоғамдық белсенділігі:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер қауымдастығы президиумының мүшесі

  • «Қазақстан ғалымдары одағы» РҚБ мүшесі

  • «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі

  • Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша партияның жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің төрағасы

 Марапаттары мен атақтары:

  • Ордены:

    • «Парасат» ордені (2021)

    • «Құрмет» ордені (2015)

  • Медальдары:

    • «Даңқ» медалі (2015)

    • «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медалі (2016)

    • ТМД іскерлік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін медалі

    • Мерейтойлық медальдар: «Қазақстан мәслихаттарына – 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл»

  • Құрметті атақтары:

    • «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» (2015)

Басқа жаңалықтар