Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік университетіндегі әріптестермен кездесуFarabi University

Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік университетіндегі әріптестермен кездесу

6 мамыр, 2025

 

2025 жылғы 6 мамырда Нүкіс мемлекеттік университеті мен әріптестермен ғылыми ынтымақтастықты нығайту және генетика мен молекулярлық биология саласында тәжірибе алмасу мақсатында өнімді кездесу өтті. Кездесу барысында бірлескен ғылыми зерттеулердің болашағы, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және екі университеттің студенттері мен оқытушылары үшін мүмкіндіктер талқыланды. Студенттер мен оқытушылардың алмасу мәселелері, сондай-ақ бірлескен ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру жайы сөз болды.

Кездесу қатысушылары бұл ынтымақтастықтың ғылыми зерттеулердің тереңдеуімен қатар, оқытушылар мен жас ғалымдардың білім алу және кәсіби өсу үшін платформалар құруға ықпал ететіндігін атап өтті.

Бұл кездесу ҚазҰУ мен Өзбекстан университеттері арасындағы екіжақты байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады және болашақтағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.