
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика —техникалық факультеті теориялық және ядролық физика кафедрасының 3 курс докторанты (көктемгі қабылдау) Сейдалиева Молдир Сапаралиевна 17.03.2025ж-30.04.2025ж аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің физика факультетінде (Мәскеу қаласы Ресей Федерациясы) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында Мәскеу Мемлекеттік Университеті физика факультетінің профессоры, жоғары энергия теориясы және кванттық физика кафедрасының меңгерушісі Денисов Виктор Ивановичпен "Вакуумдық бейсызық электродинамика шеңберінде магнетардың магнит өрісіндегі электромагниттік сәуленің қос сынуын сандық жобалау" тақырыбы аясында ғылыми бағытта зерттеулер жүргізілді. Зерттеу барысында аналитикалық жолмен релятивистік пульсардың қасиетттері зерттеліп олардың бейсызық электродинамика шеңберіндегі ерекшеліктері мен айырмашылықтарына арнайы терең зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу нәтижесін жоғары инфафакторлы журналға арнайы ғылыми мақала дайындалу үстінде.
Басқа жаңалықтар


