- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы студенттерінің «SPL 2025» халықаралық студенттік ғылыми конференциясына қатысуы
«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы студенттерінің «SPL 2025» халықаралық студенттік ғылыми конференциясына қатысуы

2025 жылғы 24 сәуірде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Баршаға сапалы, инклюзивті және әділетті білім беру мен оқыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету» шеңберінде «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының студенттері заң ғылымдарының кандидаты, доцент Тусупова А.Ж.-ның ғылыми жетекшілігімен «Алматы Менеджмент Университеті» (ALMAU) ұйымдастырған жыл сайынғы «SPL 2025» халықаралық студенттік ғылыми конференциясына қатысты.
«SPL 2025» конференциясы халықаралық қатынастар мен ұлттық құқық саласындағы заманауи мәселелерге қызығушылық танытқан Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарын біріктірген ғылыми-академиялық маңызды алаңға айналды. Конференция жұмысы келесі үш секция бойынша жүргізілді:
1-секция: Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері
2-секция: Ұлттық құқық ғылымының өзекті мәселелері
3-секция: Конституциялық және еңбек құқығының өзекті мәселелері
«Халықаралық құқық» бағдарламасының студенттері ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін лайықты түрде ұсынып, жоғары ғылыми дайындықтарын көрсетіп, көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін арттырды. Конференция қорытындысы бойынша келесі студенттер марапатталды:
І дәрежелі диплом:
- Ергобек Мұхтар
ІІ дәрежелі диплом:
- Аппазова Каракат
- Пирматова Дарина
ІІІ дәрежелі диплом:
- Калмурзаева Айнура, Серікбай Исмаил
- Рысмагамбет Диана
Басқа жаңалықтар

