Биология ғылымына үлес қосқан ғалымдармен кездесу

Мақсаты: Биология саласында маңызды зерттеулер жүргізіп, айтарлықтай жетістіктерге жеткен ғалымдармен кездесу ұйымдастыру арқылы студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың ғылыми ізденістерге ынтасын ояту және кәсіби бағдар беріп, болашақ зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар көрсету.
Бұл кездесу биология ғылымының қыр-сырын ашып, ғылымдағы табысты тұлғалардың өмір жолымен, зерттеу әдістерімен және жеткен жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берді. Шара барысында ғалымдар өздерінің ғылымдағы алғашқы қадамдарынан бастап, қазіргі таңда атқарып жатқан зерттеу жұмыстарына дейінгі тәжірибелерімен бөлісті. Олар ғылымдағы қиындықтарды қалай еңсергендерін, қандай табандылық пен шыдамдылық қажет болғанын әңгімеледі.
Сондай-ақ, студенттер ғалымдарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алып, ғылым жолындағы өз бағыттарын айқындады. Бұл кездесу болашақ зерттеушілерді ғылымға баулып, олардың жаңа жобаларға қызығушылығын оятуға ықпал етті. Ғалымдардың мотивациялық әңгімелері студенттерге тек білім беріп қана қоймай, алға қойған мақсаттарына жету жолында ынталандыру құралы болды.
Басқа жаңалықтар


