ТДМ 17. Тұрақты даму үшін серіктестік және ТДМ 4. Сапалы білім беру
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика —техникалық факультеті теориялық және ядролық физика кафедрасының "8D05306 Физика" БББ 3 курс докторанты Жолдахмет Дина 09.04.2025-17.05.2025 аралығында ICE, CSIC (Барселона, Испания) — Ғарыш ғылымдары институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Орындаған жұмыстар:
* Теориялық физика және космология саласындағы халықаралық зерттеу топтарымен жұмыс жүргізілді;
* ICE ғылыми инфрақұрылымы мен ресурстарына (кітапхана, есептеу қуаттары) қол жеткізілді;
* Шетелдік ғылыми жетекші — профессор Сергей Д. Одинцовтан ғылыми кеңестер алынды;
* Жоғары энергиялы астрофизика, галактикалық эволюция модельдері сияқты іргелес тақырыптар бойынша семинарлар мен коллоквиумдарға қатысу жүзеге асырылды.
ICE, CSIC — Ғарыш ғылымдары институтындағы ғылыми тағылымдама «Калуца-Клейн гравитация теорияларындағы компакты фермиондық объектілер» тақырыбы бойынша диссертациялық зерттеудің ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Нәтижесінде маңызды аналитикалық және сандық шешімдер алынды, көпөлшемді спинорлық жүйелердің құрылымын түсіну кеңейтілді, сонымен қатар қазіргі заманғы гравитациялық теория мен астрофизика саласындағы білім тереңдетілді.