Қатты дене физикасы кафедесінде ШЫҰ басымдықтары аясында Қытай Халық Республикасының ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. ТДМ 9 және ТДМ 17Farabi University

Қатты дене физикасы кафедесінде ШЫҰ басымдықтары аясында Қытай Халық Республикасының ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. ТДМ 9 және ТДМ 17

5 маусым, 2025

ҚР әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы кафедесінде халықаралық әріптестікті дамыту және нығайту шеңберінде Қытай Халық Республикасының жетекші ғылыми мекемелерімен тығыз ынтымақтастық орнатылуда.

Ынтымақтастықтың мақсаты – нанотехнологиялар, кванттық материалдар, энергия үнемдеуші жүйелер және жасыл технологиялар сияқты басым бағыттар бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) бастамалары аясында бірлескен ғылыми жобаларға өтінім дайындау. Бұл бағыттар жаһандық тұрақты даму күн тәртібімен және ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің ғылыми-технологиялық стратегияларымен өзара үйлеседі.

Соңғы апталарда ҚХР университеттері мен ғылыми орталықтарының өкілдерін қоса алғанда, ықтимал консорциум қатысушыларымен бірнеше онлайн-кездесулер өткізілді. Талқылау барысында негізгі ғылыми бағыттар айқындалып, жобалар бойынша бірлескен жетекшілік ету механизмдері мен тараптардың құзыреттеріне сәйкес ғылыми міндеттер бөлінді.

Ынтымақтастықтың тұрақты моделін құруға ерекше назар аударылуда, атап айтқанда:

  • беделді ғылыми журналдарда бірлескен мақалалар жариялау,

  • жас ғалымдардың академиялық ұтқырлығын арттыру,

  • бірлескен зертханалық бастамаларды жүзеге асыру.

Онлайн кездесулер нәтижесінде келесі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізілді:
ТДМ №9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым
ТДМ №17 – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік

Университет пен кафедра бұл бағытты Қазақстанның ғылыми беделін арттыруға, кадрлар даярлау сапасын көтеруге және жаһандық ғылыми инфрақұрылымға интеграциялануға ықпал ететін стратегиялық бағыт ретінде қарастырады.