Тәжірибе жинақтау мен үйрену кезеңіFarabi University

Тәжірибе жинақтау мен үйрену кезеңі

20 сәуір, 2025

Филология факуль­те­тінің бітіруші түлек­те­рі – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінің бір тобы JOO High School Almaty мек­те­бінен педа­гогикалық прак­тикадан өтті.

 

Болашақ қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің мамандары пе­да­гогикалық тәжірибе барысында уни­верситет қабырғасында ал­ған теориялық машықтарын сабақ өту, тәрбие жұмыстарын жүргізу аясында заманауи пе­да­гогикалық әдіс-тәсілдерді ше­бер пайдалана білді. Атап айтқанда сабақ өту кезеңінде сын тұрғысынан ойлау техно­ло­гиясы, сұрақ-жауап, ойын әдісі, диалогтық оқыту, топтық және жұптық жұмыс тәсілдерін ұтымды қолдана білді. Соны­мен қатар интерактивті тақта мен цифрлық ресурстарды пай­­даланып, оқушылардың пән­ге деген қызығушылығын арт­тыруға ықпал етті. Мектеп мұ­ғалімдері қатысып, студент­тер­дің сабақ жүргізу тәсіліне тәнті болды. Мәселен, Қазақ әде­биеті және әдебиет тео­рия­сы кафедрасының 4-курс сту­денті Қарақат Жанарбек 11-сы­нып оқушыларына Мұхтар Әуе­зовтің «Абай жолы» роман-эпо­пеясына арналған ашық сабақ өткізді. Сабақ ТДМ-4 – «Сапалы білім беру» мақ­сат­та­рын жүзеге асыру аясында ұйым­­дастырылып, білімнің қол­­­жетімділігін қамтамасыз ету және заманауи техноло­гия­ларды тиімді пайдалану ар­қылы оқытудың сапасын арт­ты­руға бағытталды. Сабақтың мақсаты – оқушыларды қазақ әдебиетінің классикалық шы­ғар­маларымен таныстырып, олардың құрылымын талдау ар­қылы ғаламдық мәселелерді анықтап, сыни ойлау дағды­ла­рын дамыту.

Сабақ жасанды интеллект негізінде әзірленген «Қара жор­ға» биімен сергіту сәтінен бас­талды. Одан кейін оқу­шы­лар арнайы карточкалар ар­қы­лы топтарға бөлініп, білімдерін жүйе­леу мақсатында Wordwall платформасында тест тапсыр­ма­ларын орындады. Негізгі бөлімде оқушылар «Кино­лен­та» әдісі арқылы романның сю­жеттік-құрылымдық ерек­ше­лік­терін зерттеп, «Киіз үй» фор­ма­тындағы менталды кар­та көмегімен эпопеяда кө­те­рілген ғаламдық мәселелерді тал­дап, олардың тарихи және заманауи мәнін анықтады. Са­бақтың соңында оқушылар Padlet платформасы арқылы ке­рі байланыс жасап, өз ойы­мен бөлісті. Заманауи әдістер мен технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығар­ма­шылық және аналитикалық қабілеттерін дамытуға елеулі әсерін тигізгені анық.

Сондай-ақ Айнұр Мең­деш­тің 11-сынып оқушыларына оқу сауаттылығы пәнінен «Ұлттық аспаптар» тақырыбында ашық са­бағы оқушылардың бір-бі­ріне «Жылы сөз – жанға қуат» ат­ты психологиялық ахуал сый­лауымен басталды. «Қаза­қы өрнек ішіндегі құпия» әдісі ар­қылы қағаздағы QR-код­тар­ды пайдаланып, ұлттық ас­пап­тар туралы бейнеролик көру нәтижесінде олардың ды­бы­сы­на қарай аспаптардың түрін анық­тады. Ары қарай «Дом­бы­ра – қазақтың қасиетті мұ­ра­сы», «Қобыз – қазақтың кие­лі аспабы», «Жетіген – Ұлы дала мұ­расы» атты мәтіндермен та­ны­сып, Mind map әдісі арқылы ұлт­тық аспаптардың ерек­ше­ліктерін менталды картада жүйе­леді. Сонымен қатар оқу­шы­лар Wordwall платформасы не­гізінде ұлттық аспаптарға қа­тысты мәтіндерді қан­ша­лық­ты меңгергенін тексеру мақ­са­тында тест тапсырды. Білімгер сабағы оқушылардың оқу сауат­тылығын арттырумен қа­тар, ұлттық мәдениетке деген қы­зығушылығын оятуға ба­ғыт­талғанын айтқан жөн. Тәжірибе кезеңінде болашақ мұғалімдер оқушылардың оқу сауат­ты­лы­ғын дамытуға ерекше көңіл бө­лініп, олардың мәтінмен жұмыс жа­сау, негізгі және қосымша ой­ды ажырату, салыстыру, тұ­жы­рым жасау сияқты тап­сыр­малар арқылы түсіну және тал­дау қабілеттерін жетіл­ді­ру­ге ты­рысты. Қазақ тілі мен әде­биеті сабақтарында лек­си­­ка­лық және грамматикалық тап­сырмалармен қатар, ш­ы­ғар­маларды талдау, кейіп­кер­лерге сипаттама беру, эссе жа­зу жұмыстарын тиімді ұйым­дастырды.

Тәжірибе барысында түйт­кілді мәселелерді де оңтайлы ше­шудің жолын қарастырып отырды. Мәселен, үлгерімі тө­мен оқушылармен арнайы жұ­мыстар жүргізді. Ынталандыру әдіс­терін қолданып, тап­сыр­маларды түрлендіріп, әр­қай­сысымен жеке жұмыс жүргізіп, ор­тақ тіл таба білуге тырысты.

Тәрбие сағаттарында па­триот­­тық тәрбие, ұлттық құн­ды­лықтар және адамгершілік тақырыптарында пікір алмасу ұйымдастырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударды.

Студенттер сабақтан тыс уа­қыттағы іс-шараларға да бел­­сенді қатысып, түрлі зият­кер­лік сайыстар, дебаттар, әде­­би кештер ұйымдастыру ар­­қылы олардың шығар­ма­шы­лық қабілеттерін дамытуға ық­пал етті.

Шоқан ШОРТАНБАЙ,

аға оқытушы,

практика жетекшісі

Аружан ОШАНОВА,

4-курс студенті