Студенттердің ҒЗИ-дегі оқу практикасы

Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты экологиялық таза және тұрақты химиялық процестерді дамытуға бағытталған «жасыл химия» идеясын белсенді қолданады. Жаңартылатын шикізат пайдаланылады, уытты реагенттер қолданылмайды, қалдықтарды кәдеге жаратуға, энергия үнемдеуге және қауіпсіз катализаторларға баса назар аударылады. Студенттер метанды конверсиялау үдерісімен танысты, онда тиімділікті, мысалы, кобальт катализаторлары қамтамасыз етеді. Көмірсутектер синтезінің бір түрі - Фишер-Тропш процесімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік болды. Түрлі технологиялармен танысып, ферромагнитті материалдардың жарықтарын анықтайтын магнитті дефектоскоптың жұмыс принциптерін егжей-тегжейлі зерттеді. Кокстың пайда болуы - катализатордағы көміртегі шөгінділері оның белсенділігін төмендетеді. Химиялық талдау зертханасында сынамалар қалай алынатынын және газ хроматографымен талданатынын көрсетті.
А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтына бару өнімді және әсерлі болды. Институт директоры Х.С. Тасибеков оның тарихы, зерттеу бағыттары мен ағымдағы жобалары туралы айтып берді. Студенттер зертханаларды аралап, заманауи жабдықтарды зерттеп, кең ауқымды зерттеулерге куә болды. Ғалымдар әр аспаптың жұмысын және химиялық процестердің маңыздылығын түсіндірді. Зертханалық жұмысты бақылау теориялық білімді нығайтуға және практикалық дағдыларды дамытуға көмектесті. Студенттерге институт ғалымдары табыс тіледі. Бұл күндер студенттердің химияға деген қызығушылықтарын арттырды.
Практика жетекшісі, х.ғ.к., доцент Н.Қ.Жакирова
Басқа жаңалықтар


