
Киберфизика әлемінен тамаша жаңалық! 6В05302 - Киберфизика білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері (Қасымбек Сағи Мәдиұлы, Үдербаева Ақбота Еркебұланқызы, Аллаберген Ернұр Ержанұлы, Төлеуов Шапағат Диханұлы) беделді GLOBAL HACKATHON 2025 хакатонының бірінші кезеңінде (Ұлттық тур) керемет жетістікке жетті!
Біздің команда еліміздің әртүрлі университеттерінен келген 13 мықты команданың арасында 1-орынды иеленді. Бұл – студенттеріміздің жоғары дайындығы мен кәсібилігін көрсететін тамаша жетістік.
Біз сіздердің мақсатқа ұмтылушылықтарыңызды, білімдеріңізді және оларды тәжірибеде қолдана білу қабілеттеріңізді мақтан тұтамыз. Сіздерге алдағы уақытта да табыстар мен жеңістер тілейміз!
Басқа жаңалықтар

19 маусым, 2025

18 маусым, 2025